기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Алматының Наурызбай ауданында жол талғамайтын көлік баланы қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 10 тамыз күні, сағат 13:30 шамасында болған.
«Автокөлік жүргізушісі Хигай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде тұрған баланы қағып кеткен. Өкінішке қарай, 2013 жылы туған ұл бала оқиға орнында қаза тапты», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ тиісті сараптама тағайындалған.