Halyk Bank Қазақстандағы үздік корпоративтік және инвестициялық банк болып танылды

1443
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BqkZPbkY3YEp99SW4bqJMuHKHwU3zYIaQZYTmVfK.jpg

Asian Banking&Finance беделді халықаралық басылымы өткізген конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Halyk Bank 2025 жылы Corporate & Investment Bank номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды. Марапаттау рәсімінде үздік банктер мен компаниялар атап өтілді. Бағалаудың негізгі критерийлері инновациялық өнімдерді енгізу, цифрлық трансформация, сондай-ақ бизнесті қолдауға бағытталған тиімді шешімдер сияқты факторлар болды.
 
Осылайша Halyk корпоративтік секторда мықты позицияға ие екенін көрсетті. Жылдық есепке сүйенсек, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша корпоративтік кредиттік портфель 18,4 пайызға өсіп, 6 триллион теңгеге жеткен.

Фото: Halyk Bank
 
Бұдан бөлек, Halyk мемлекеттік бюджет түсімдерінің жартысынан көбін қамтамасыз ететін ең ірі салық төлеушілердің 86 пайызына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, банк экономиканың нақты секторының 50 пайыздан астамын, оның ішінде энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және өнеркәсіп сияқты негізгі секторлардағы жобаларды қаржыландырады, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобаларға қатысады.
Halyk-тың негізгі артықшылықтары:

* Ірі жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін қарыз алушылар тобына жоғары лимиттер;
* Теңгедегі және шетел валютасындағы жоғары өтімділік, бұл нарықтық өзгерістерге икемділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
* Onlinebank негізіндегі В2В сегментіне арналған озық цифрлық шешімдер;
* Сақтандыру, бұлтты және телекоммуникациялық шешімдер, лизинг, факторинг және инкассация қызметтерін қамтитын экожүйелік кешенді ұсыныстар.

댓글
기타 기사