ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды

842
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ND40btP6j2XSd0VV9kzhTfubLroTN8JGHRcIXfR2.jpg

Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Операция барысында Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Тінту кезінде 240 литрден астам психотроптық зат, 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленген.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

댓글
기타 기사