Үржардағы қайғылы оқиға. Министр зардап шеккен балалардың жай-күйін біліп қайтты

2533
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sRPPNES5sTQxRt7yKCeWfrlOE3DEzCXChkAZ3D1B.webp

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үржардағы қайғылы оқиғадан зардап шеккен балалардың жағдайын білу үшін елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы барды деп, хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Шайзадақызы Рүстемова Үржарда болған қайғылы оқиғадан зардап шеккен балалардың жай-күйін білу үшін келді. Сапар барысында олар балалардың анасымен әңгімелесті»,—делінген хабарламада.

Аурухананың баспасөз қызметі зардап шеккендерге қажет барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Дәрігерлер балалардың өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда»,—деп толықтырды мекеменің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 19 тамызда Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші көлігін басқара алмай, қақпа алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен болатын. Апат салдарынан 3 бала көз жұмды. Тағы үш жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 20 тамызда ауруханаға түскен үш баланың екеуін санавиация ұшағымен Астанаға алып кетті. Ауруханаға түскен үш баланың да бас сүйегі зақымданған. Сондай-ақ тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалары жарақаттанған.

Қазіргі таңда жүргізуші ұсталып, Үржар ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптама оның жол апаты кезінде есірткі мен ішімдік қолданбағанын көрсетті.

 

 

댓글
기타 기사