Өзбекстанда кәсіпкерлерге амнистия жарияланды

2117
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KkT3OeOEQgVOYtY1BNMt4vqS9vRJsserGp6iPJe0.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кәсіпкерлерге салықтық амнистия жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысы 20 тамызда бизнес өкілдерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Gazeta.uz-ге сілтеме жасап.

Ол тексерістер кезінде 20 мың кәсіпкерде жалпы сомасы 16 трлн сомды (шамамен $1,28 млрд) құрайтын қателер анықталғанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл олардың кәсіпкерлік тұрақтылық рейтингіндегі орнына әсер еткен.

«Бүгін біз өзіндік бір «амнистияны»жариялаймыз. Тексерулер бойынша айыппұлдар қолданылмайды. Оның орнына 1 қарашаға дейін бизнеске барлық қателік пен кемшіліктерді ерікті түрде түзету мүмкіндігі беріледі. Бір сөзбен айтқанда, 1 қарашадан бастап кәсіпкерлер рейтингі «таза парақтан» басталады», – деп түсіндірді президент.

Бұдан бөлек, Мирзиёев пайда салығы бойынша аванстық төлемдер шегінің көтерілетінін хабарлады. Енді бұл талап жылдық айналымы 20 млрд сомнан  асатын компанияларға ғана қолданылатын болады. Билік есебі бойынша, шамамен 14 мың кәсіпорынның қолында қосымша 1 трлн сомға жуық айналым қаражаты қалады.

댓글
기타 기사