Киев Сызрань мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) мен Ленинград облысындағы Усть-Луга портына соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
шабуыл нәтижесінде порттағы “Новатэк” терминалы өртенген.
Компания бұл жерде шикізатты өңдеп, керосин мен жанармай шығарады. Порт маңындағы зауыт жылына шамамен 6 млн тонна өнім өндіреді және оны толықтай экспортқа жөнелтеді.
Бұған дейін Ленинград облысының губернаторы әуе қорғаныс күштері Усть-Луга портында 10 дронды, ал Кингисеп ауданында 4 дронды атып түсіргенін хабарлаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Сенбі күні де Санкт-Петербург пен Ленинград облысына дрондар шабуылы тіркелді. Пулково әуежайы бірнеше сағат бойы жұмысын тоқтатып, ондаған рейс кешіктірілді.
Сонымен қатар, Ростов облысындағы Новошахтинск МӨЗ-і 21 тамыздан бері жанып жатыр. Красный Сулин қаласына су беру уақытша тоқтатылды, барлық ресурс өртті сөндіруге жұмылдырылған.
Шабуылдардан кейін Ресейдің бірқатар өңірлерінде жанармай тапшылығы байқалып, кей жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезектер пайда болғаны айтылды.