Шымкент әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер болды

1784
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oNYa6nnzfPL8wkfIqccRjwrL3MnXN06SJjS9Pa9w.jpg

Айдын Кәрімов  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл шешім Президент Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен қабылданған.

Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған Қуаныш Жұмабекұлы Асылов басқа қызметке ауысуына байланысты босатылған.

Ал Арман Сәбитов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 2023 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың 7 тамызына дейін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарған.

Айта кетейік, қазіргі таңда желіде Руслан Берденовтің қызметінен кеткені туралы ақпараттар тарап жатыр. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

댓글
기타 기사