Ғарифолла Әнес оқулары. Алаш рухын ардақтаған ғалымға арналған ғылыми конференция өтті

2050
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Pe6mODL8pq1JWmEAW3ZhxEq3Y2Q1UBNXzLB4PXhO.jpg

Бүгін, 26 тамыз Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы Саяси Қуғын-сүргін құрбандары музейінде “Ғарифолла Әнес оқулары: Ғалым мұрасы” тақырыбында ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды “Адырна”.

Конференцияға ғалымдар, жазушылар, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Бір өзі бір академияның жұмысын тындырып, Алаш мұрасын қазақ халқына қайта жеткізу жолында тынымсыз еңбек етіп, ұшан-теңіз ғылыми, рухани мұра қалдырған, қайраткер ғалымның ғылымдағы жолы мен таутолағай нәтижелері замандас ғалымдар жағынан қимастықпен еске алынып, арыстарға сай құрметпен атап өтілді.

“Іргесін өзі қалап, еңсесін тұрғыздырған музейде бұл шараның дүбірлі түрде өтуінің жөні бөлек. Шара аясында ғалымның көзі тірі кезінде шығарып үлгірмеген екі кітабының тұсауы кесілді. Мамыр айында да осы киелі мекенде ғалымның бес кітабы оқырманға жол тартқан болатын. Ғалымның жұбайы, лингвист ғалым Бағдан Момынова қаранардай қайсар азамат Ғарифолла Әнес шығармашылығы, еңбекқорлығы туралы құнды естеліктер айтты.

Тағылымға толы тағдыр кешкен тарлан жүйрікті барлық қатысушылар аса бір толқыныспен, сағынышпен естеріне алып, естеліктер өрбітті. Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйінің атынан және өз атымнан қос ғалымның щәкірті ретінде қатыстым. Дінтанушы, қолжазба зерттеуші Құрманбек Қасымханұлының серік болуында аталған басқосуға барып, жылы лебіз білдіріп, Гарфолла Анес марқұмға арнаған “Тағы келемін…!” атты өлеңімді оқып бердім”, деп жазды Әділет Ахмет.

댓글
기타 기사