Қарағандыдан Вашингтонға дейін. Абайдың 180 жылдығына арналған велошеру аяқталды

1694
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MGRIlrsFBLe0eJ2mI6YgpT4n1mkzDY90EkHhIO0Y.jpg

Вашингтонда Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық велошеру өз мәресіне жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24kz-ке сілтеме жасап.

Жоба екі ай бұрын Қарағандыдағы Абай мектебінен басталып, Семейге жеткен соң, мұхит асып АҚШ-та жалғасты.

Велошеруді тәжірибелі велошабандоз Ернат Рахметолла ұйымдастырды.

Сапардың басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу және Абайдың рухани мұрасын насихаттау. Ернат Жидебайдан бір уыс топырақ алып, оны АҚШ-та бақилық болған жазушы Мұхтар Мағауиннің Мэрилендтегі зиратына жеткізді. Осы мақсатта ол 1200 шақырымды жалғыз жүріп өтті. Жол-жөнекей Нью-Йорк, Нью-Джерси, Принстон, Трентон, Филадельфия, Балтимор қалаларына соғып, отандастармен және Димаштың америкалық жанкүйерлерімен кездесті.

Ернат сапар барысында ауа райының күрт өзгерістерін, ыстықты, жаңбырды еңсергенін айтып, Абай мен Мағауин шығармалары оған рухани күш бергенін жеткізді. 

Вашингтонда жергілікті қазақ диаспорасымен кездесу кезінде алдағы жылы АҚШ қалалары арқылы эстафеталық велошеру ұйымдастыру идеясы талқыланды. Солтүстік Америкадағы Қазақстан мәдени-іскерлік қауымдастығы мен Джордж Вашингтон университетіндегі Абай орталығы жобаны қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Қазір Ернат Рахметолла АҚШ астанасынан Түркияға аттанып, Абай велошеруінің жаңа кезеңін бастамақ. Жаңа маршрут Ыстамбұлдан басталып, елдің ірі қалалары арқылы Едірнеге дейін жалғасады.

댓글
기타 기사