Депутат садақ ату федерациясының президенті болды

780
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aK6upU8e11FSOsu6T5AOhKwV0jdISMocUME34uLD.jpg

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының жаңа президенті болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Федерацияның ресми мәліметінше, бұл қызметті 2023 жылдан бері атқарып келген Айдос Мұқатаев өз өкілеттігін тоқтатты. Оның орнына 2025 жылдың 28 тамызынан бастап Нартай Аралбайұлы тағайындалды.

«Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне сенім білдіреміз», – делінген федерацияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Айта кетейік, Нартай Аралбайұлы 1991 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Әр жылдары отандық бірнеше телеарнада жұмыс істеді. 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

댓글
기타 기사