Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Альпинизм және құзға шығу федерациясының мүшесі Ғалымжан Құспанов 26 тамызда Иранның ең биік шыңы – Дамаванд шыңын (5671 м) бағындырды. Бұл туралы Тегерандағы Қазақстан елшілігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ғалымжан Құспанов — тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де танымал альпинистердің бірі. Ол бұған дейін үш ауқымды жобаға қатысып, ерекше шеберлік пен төзімділікті танытқан:
- «Құрлықтың ең биік 7 шыңы»;
- «Құрлықтың ең биік 7 жанартауы»;
- «Қар барысы» бағдарламасы.
Айта кетсек, Дамаванд — Азиядағы ең биік жанартаулардың әрі Иранның ұлттық символдарының бірі. Оған көтерілу тек физикалық дайындықты ғана емес, сондай-ақ жоғары биіктікке бейімделуді талап ететін күрделі экспедиция.