Әкімдік алдында жараланған Руслан Берденов өз еркімен қызметтен кетті

997
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cEvvTInVlrm3EQwChNy6OHJpu1jakneBRYGFsDlE.jpg

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

40 жастағы шенеунік аталған лауазымды 2025 жылдың ақпанынан бері атқарып келген. Бұған дейін Мәжіліс депутаты болған. Соңғы айларда ол денсаулығына байланысты еңбек демалысында жүрген.

Берденов биыл сәуір айында орын алған оқиғадан кейін көпшілікке кеңінен таныс болды. Әкімдік ғимаратының алдында оған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры Ернар Жиембай бес рет оқ атып, шенеунік жамбасынан және иығынан жарақат алған. Оған жедел ота жасалып, қазір әлі де оңалту кезеңінен өтіп жатыр.

Сот үкімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу кезінде ол Берденовпен арада жеке жанжал болғанын айтып, қызғаныштан қылмысқа барғанын жеткізді.

Өз кезегінде Руслан Берденов бұл айыптауларды жоққа шығарып, Жиембайдың әйелімен таныс еместігін, қажет болса, полиграф арқылы дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеген.

댓글
기타 기사