"Ауа сатып, ақша тауып жүр". Онлайн ойындар туралы депутаттық сауал жолданады

1308
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vXQhaZKdohJfdvypIwiiyoiaSbPKVUSL9BUrJY4J.jpg

Депутат Геннадий Шиповских онлайн ойындарға қатысты пікір білдіріп, оның сананы улау екенін баса айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Кезінде жұрт еңбек етіп, нан тапса, қазір ауа сатып нан тауып жүр. Осыған қатысты депутаттық сауал дайындап жатырмыз. Әрине, менің көзқарасым оған дұрыс емес. Бірінші кезекте, жеңіл табыс табу ешқашан жақсылыққа апармаған. Оның үстіне, биыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жатырмыз. Жұмысшы мамандықтарды дәріптеп жүрген сәтте осындай кері тартпа азаматтар шығып жатыр. Біздің жастарымыздың миын улап жатыр десек те артық емес. Осының бәрін тексеру керек", – деді депутат Геннадий Шиповских.

Айта кетейік, тамыз айының соңында онлайн ойын мен казиноны жарнамалаған 34 блогердің тізімі тарап, желіде қызу талқыланған болатын.

댓글
기타 기사