Тағы жол апаты. Бес адам қаза тауып, екеуі ауыр жараланды

1849
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhol-apaty.jpg

13 қыркүйек күні Қарағанды – Қарқаралы тас жолында қайғылы жол апаты тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шешенқара ауылының маңында екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам көз жұмып, екі адам ауыр жараланған.

Полицияның мәліметінше, 33 жастағы Ford Mondeo жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққыдан 38 жастағы Changan жүргізушісі мен оның жолаушысы және Ford Mondeo көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Жараланған екі адам дереу ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Олардың арасында бір ересек адам мен екі бала бар. Балалар санитарлық авиация арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне орналастырылды.

Қайғылы оқиғадан кейін Ford Mondeo жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні «Алматы – Өскемен» автожолының 479-шақырымында үш автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алып, апат салдарынан оқиға орнында 10 адам қаза тапқан еді.

Сондай-ақ, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысында жол апаты орын алып, 10 адам қаза тапқан болатын.

댓글
기타 기사