“Екі диагноз қойылған”. Ұлы қорлаған қарияның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

896
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/j92g0ALCw2VZqBPUyEwaGzCAeAZLtpx71laFn8WT.webp

Түркістан облысында әкесін ұрып-соғып, қорлаған ер адамның ісіне қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Әлеуметтік желіде әкесін балағаттап, ұрған азаматтың әрекеті қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Кейін іске келінің де қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Ал ұлынан қорлық көрген қария қайтыс болды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Қоссейіт ауылының тұрғыны, 1947 жылы туған тұрғынның 2025 жылдың 2-нен 3-ші қыркүйегіне қараған түні көз жұмғанын хабарлады.

“Туыстары дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер қайтыс болу туралы анықтама бере алмаған. Қазіргі таңда мәйітке эксгумация жасалып, сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Қорытындысы шыққан соң қосымша мәлімет беріледі”, – делінген басқарма ұсынған ақпаратта.

Дәрігерлердің айтуынша, марқұм тірі кезінде «I11» және «M42» диагнозымен динамикалық бақылауда болған. Дене жарақаттары бойынша медициналық көмекке жүгінбеген әрі шағым түсірмеген.

댓글
기타 기사