4 баланың кішісі 3 жаста. Түркістанда ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол салды

723
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Түркістан облысы Қарамұрт ауылының тұрғыны 14 жыл бірге тұрған жұбайын қызғаныштың салдарынан балғамен ұрып өлтірген. Кейін ер адам өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қанды қылмыстың куәсі болған ерлі-зайыптылардың төрт баласы таңертең мектепке жиналып жатқанда ата-анасының жансыз денесін тауып алған. Қазір балалар уақытша қамқорлыққа алынып, балалар үйіне тапсырылды.

Марқұм әйелдің туыстарының айтуынша, 45 жастағы келіншектің денесі қатты соққыдан сау тамтығы қалмаған. Ал ер адам қылмыс жасаған соң аудиожазба қалдырып, қызғаныштан осындай қадамға барғанын айтқан.

Түркістан облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала дерек бойынша, ер адам әйеліне ауыр дене жарақатын салып, оның өліміне себеп болған. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Қаза болғандардың артында 13, 9, 6 және 3 жастағы төрт бала қалды. Олардың бірінің мүмкіндігі шектеулі екені белгілі болды.

댓글
기타 기사