Алматы облысында аң аулауға шыққан әкім жол апатына түсті

859
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Алматы облысында Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев жол апатына ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Нарынқол тасжолында болған. Көлікте бірнеше адам отырған, олардың аң аулауға шыққаны айтылады. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмған, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген. Кейін зардап шеккендердің бірі төртінші күні қайтыс болды.

Райымбек аудандық ауруханасының директоры Руслан Көккөзовтің сөзінше, әкім Дулат Дәулетәлиев бастапқыда Нарынқолдағы ауруханада ем қабылдаған. Жарақаты ауыр болғандықтан, ол Алматы облыстық клиникалық ауруханасына ауыстырылған.

"Оның да жарақаттары ауыр болды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жағдайы динамикада жақсарып келеді", – деді Көккөзов.

Оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

댓글
기타 기사