Танымал әнші Әміре халықаралық байқауда ерекше қойылым көрсетпек

1767
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ohpgKgTxnc8vT0RslXvB6pmRWKuxtL88I4gF0wn7.jpg

Қазақстандық әнші Әміре халықаралық “Интервидение – 2025” байқауында “Дала таңы” композициясын орындайды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл ән ұсынылған 10 нұсқаның ішінен таңдалған. Музыкасын орындаушының өзі жазса, сөзін ақын Саят Рахымжанов қаламға алған.

Байқаудағы Әміренің нөмірі ерекше болмақ. Өнер иесімен бірге сахнаға сегіз жасар Жасмин Қайратқызы шығады. Ол – қазақстандық делегацияның ең жас мүшесі. Арнайы кастингке қатысқан 100 үміткердің ішінен Жасмин үздік танылды. Қойылымның толық мазмұны әзірге құпия сақталуда, алайда өзге елдердің қатысушылары нөмірге жоғары баға берген.

"Бұл ән тек осында ғана емес, қатысушылардың барлығының жүрегін жаулап алды. Олар әуенін бірге айтып, сүйсіне қабылдап жатыр. Біздің басты мақсатымыз – бұл туынды Қазақстанда да хитке айналуы. Ол Отанға деген махаббатты паш ететін патриоттық әндердің көшбасшыларының бірі болсын дейміз", - деді Қазақстан делегациясының бас продюсері Алтынбек Рахметов.

Байқауға 23 елдің орындаушысы қатысып жатыр. Финалды 20 қыркүйек күні сағат 22:30-да “Еуразия бірінші арнасы” тікелей эфирде көрсетеді.

댓글
기타 기사