Назарбаевтың бомбапанасы бар вилла іздегені айтылды

1219
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XAwKkyH4pEvDBKeGlHVfJoHYaQIu3P4JXzDBd1sc.webp

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қызметте болған кезінде Францияның оңтүстігінен бомбапанасы бар сәнді вилла сатып алу ұсынылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚазТАГ мәліметінше, бұл туралы ресейлік бизнесмен Шалва Чигиринский журналист Юрий Дудьке берген сұхбатында айтты.

Кәсіпкердің сөзінше, оқиға 2009 жылы болған. Назарбаевқа жақын адамдардың атынан келгендер жарты миллиард долларға жуық қаржы ұсынып, Жерорта теңізінің маңынан жазғы резиденция іздеген.

«Олар міндетті түрде тікұшақ алаңы, екі бассейн, көп жатын бөлме болуын қалады. Бұл виллада барлығы сәйкес келді: Монакоға жақын, аумағы 3,5 гектар, үлкен сыртқы және ішкі бассейндер, қонақ үйі, тіпті бомбапанасы болды», – деді Чигиринский.

Бизнесменнің айтуынша, кейін ол бомбапананы шарап қоймасына айналдырған.

«Мапутуда (вилланың атауы – ред.) бомбапана бар еді, мен оны шарап қоймасына айналдырдым. Назарбаевқа сол керек болған сияқты», – деп ирониямен қосты ол.

댓글
기타 기사