Президент Тоқаев Павел Дуровты қабылдады

1304
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W5AjoJHMGQGKwKTLJGdPiC1FQvTolZK3bnpq6K5u.jpg

Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Президент Telegram мессенджерінің негізін қалаушымен кездесті, деп хабарлайды "Адырн ұлттық порталы.

Ақорда мәліметінше, әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Президент Дуровпен кездесуінде Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді.

Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты. 

Ал Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет ұсынды.

댓글
기타 기사