Түркістанда әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда

826
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/f9RTNDbhE9qiLJoD9qbhKT2w9Nb8RrBQCzKXnWt4.jpg
Нысандарды аралау барысында, С.Ерубаев атындағы мектеп-интернат – ғимаратта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы пысықталды. Мердігер ұйымдарға жұмысты бекітілген кестеге сәйкес аяқтау, сондай-ақ ішкі әрлеу жұмыстарына ерекше мән беру тапсырылды.
Сонымен қатар, Ататүрік атындағы мектебінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы мен М.Мақатаев көшесіндегі спорт кешені инфрақұрылымның жұмыс барысын аралады. Жауапты тұлғаларға қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтау және материал сапасына ерекше назар аудару қажеттілігі ескертілді.
Байдулла Жұмадуллаұлы жауапты сала жетекшілеріне жұмыстың сапасы мен мерзімін бақылауда ұстауды, сондай-ақ нысандардың жаңа оқу жылына дейін толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
댓글
기타 기사