АҚШ-тың Украина Қарулы күштеріне алыс қашықтыққа арналған «Томагавк» (Tomahawk) қанатты зымырандарын жеткізуі Ресей мен Американың арасындағы оң қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин «Россия 1» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Путиннің сөзінше, АҚШ-тың жаңа қару жүйелерін, соның ішінде жоғары дәлдіктегі алыс қашықтыққа арналған Tomahawk зымырандарын Украинаға жеткізу туралы шешімі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа үлкен қауіп төндіреді.
«Мен мұның біздің қарым-қатынасымызды, ең болмағанда қалыптаса бастаған оң үрдістерді, жойып жіберетінін айттым», — деді Ресей президенті.
Сондай-ақ Путин қазіргі геосаяси жағдайдың дамуы тек Ресейге немесе оның жеке шешіміне ғана байланысты емес екенін атап өтті.