Тоқаев халық табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін айтты

1259
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/55XNjCwgN8ImdFf6CWXc3n0OxonqG7BLiaVVlaUA.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы бүгін, 8 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.

댓글
기타 기사