Түркістанда 9 жаңа ойын және спорт алаңшасы ашылды

806
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wXsX5mUEhbamZ8iAflBnIJoZCrqkiKRxvRkrnUmp.jpg
Қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту және балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
Әкім Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасымен биылғы жылы 9 заманауи алаңша салынып, халық игілігіне ұсынылды. Бұл бастама қала басшысының тұрғындармен кездесуі кезінде көтерілген ұсыныстарды жүзеге асыру нәтижесінде қолға алынған болатын.
Жаңа алаңшалар Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде орнатылды. Бұған қоса, Хақназар хан және Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңшалары салынды.
Құрылыс жұмыстары биыл ақпан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Барлық нысандар сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған. Сонымен бірге, аумақ абаттандырылып, көгалдандырылды. Тұрғындар үшін инженерлік инфрақұрылым да қарастырылды.
Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан қаласында 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы жұмыс істеп тұр.
댓글
기타 기사