20 елден келген сарапшылар биотехнология мен қауіпсіздік мәселесін талқылады

1295
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/stAEmzh58zYNPMX3CDSaMF3pATeCvyT4In5Pslc2.jpg

14–16 қазан аралығында Алматы қаласында «Биологиялық қауіпсіздік пен қорғаныс болашағы» атты халықаралық конференция өтті.

с-шараға 20-дан астам елден 150-ден астам сарапшы қатысты. Конференцияны Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) пен Орталық Азия мен Кавказдағы биологиялық қауіпсіздік қауымдастығы (АКБҚҚ) GIZ ұйымының, ҚР Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырды.

Конференция барысында қатысушылар ғылым, технология және жаһандық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талқылады. Әсіресе биологиялық қауіпсіздік пен биотехнология саласында жасанды интеллектіні (AI) пайдалану, климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптер, сондай-ақ ғылыми инновацияларды жауапкершілікпен қолданудың маңызы айтылды.

Форумды ХҒТО атқарушы директоры Карина Ангелиева, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Арман Байсуанов, АКБҚҚ президенті Дамира Ашралиева және GIZ бағдарламалық директоры Катарина Нидерхут ашты.

Баяндамашылар арасында АҚШ, Франция, Канада, Жапония, Норвегия, Пәкістан, Грузия, Украина, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген беделді ғалымдар болды.

Маңызды шаралардың бірі — доктор Стефан Вагнер (BRMI) жүргізген «Жасанды интеллект және биологиялық тәуекелдерді басқару» семинары. Онда AI технологияларының биологиялық ғылымдағы қолданылу тәуекелдері мен мүмкіндіктері қарастырылды.

Екі күндік пікірталастың қорытындысы ретінде қатысушылар «Алматыдан Әрекетке шақыру» атты стратегиялық жол картасын қабылдады. Құжатта мемлекет, ғылым және жеке сектор арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, биоқауіпсіздік саласындағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру міндеті белгіленді.

Конференция Биологиялық қару туралы конвенцияның 50 жылдығына және ХҒТО-ның Қазақстанда 10 жыл жұмыс істеуіне арналды.

ХҒТО атқарушы директоры Карина Ангелиева өз сөзінде:

Диалог пен тәжірибе алмасу арқылы біз ғылым мен қауіпсіздік арасындағы көпірді нығайтып, бейбітшілік пен дамуға үлес қосамыз, - деді.

АКБҚҚ президенті Дамира Ашралиева да өз сөзінде:

“Алматыдан Әрекетке шақыру” — биотехнология мен жасанды интеллект саласындағы ұжымдық жауапкершілікке нақты қадам, - деп атап өтті.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың озық тәжірибелер орталығы бастамасы және Неміс биоқауіпсіздік бағдарламасы шеңберінде бірқатар халықаралық ұйымдар қолдады.

댓글
기타 기사