“10 жастағы қызды зорлаған...” Елде наразылық басылар емес

1567
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lJSPcQAaKtZE8VQliYqrF5uhERL34L13YqXUkstR.jpg

Ирландия астанасы Дублинде антимигранттық сипаттағы наразылықтар мен тәртіпсіздіктер әлі де жалғасып жатыр, деп хабароайды "Адырна" ұлттық порталы.

Себебі елде 10 жастағы қызды ер адам зорлаған. Соған орай елде жаппай наразылық акциясы жүріп жатыр.

Сәрсенбі кешінде босқын мәртебесін іздеп жүргендер тұрып жатқан қонақүй маңына жүздеген адам жиналған. Олар полиция қызметкерлеріне бөтелке мен фейерверк лақтырған. Трамвай аялдамасындағы тас төсеніштерді жұлып алып, солармен шабуыл жасаған.

Полиция тәртіпті сақтау үшін су атқыш көліктерін дайындағанымен, оларды қолдануға қажеттілік болмаған. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарға алдағы күндері айып тағылмақ.

Соңғы мәлімет бойынша, 23 адам ұсталып, бірнеше полиция қызметкері жарақат алған.

Бұған дейін сейсенбі күні дәл сол қонақүй маңында 2 мыңға жуық адам бейбіт түрде наразылыққа шыққан еді. Алайда кейін бетперде киген топтар полиция көлігін өртеп, бірнеше адамды жарақаттаған.

댓글
기타 기사