25 қазан — Республика күніне орай елордадағы «Ататүрік» саябағында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараны «Jastar Saraiy» мен қала әкімдігі бірлесіп өткізді.

Концерт бағдарламасында еліміздің танымал өнерпаздары — Парасат Отан, Абай Бегей, Нұрлан Еспанов, Бауыржан Исаев, Берік Ержанов, сондай-ақ «Qazaq» дуэті мен «Аруым» триосы өнер көрсетті. Көрермендерге ерекше әсер қалдырған барабаншылар тобының шоуы да кештің көркін кіргізді.
Мерекелік концерт сағат 15:00-де басталып, қатысушылар Республика күніне арналған көтеріңкі көңіл күй мен патриоттық рухты сезінді. Мұндай мәдени шаралар ел азаматтарының бірлігін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайта түседі.