Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

856
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4WrxSTH1cRdCktGI0cMDPVeBIXimqkPg5kBvsYZL.jpg

«Медеу» мұз айдынында өткен салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, танымал спортшылар, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көк байрақты көтеру рәсімінде дәстүр бойынша әскери-оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Ту ілінген тұғырдың биіктігі – 40 метр, ал көлемі – 7x14 метр.

Еске сала кетейік, Республика күні қарсаңында қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар бар. Сондай-ақ, Республика сарайында мерекелік концерт өтті.

Бүгін Алматыда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Республика сарайының алдында «Атамекен» атты патриоттық акция, Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі, экологиялық бастамалар және өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.

Бұған қоса, сағат 18:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік сәулеттік жарықпен көмкеріледі.

댓글
기타 기사