Қазақстаннан «Оскар» сыйлығына ұсынылған фильмді қазақстандық ұйым алғызып тастады

1393
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IYFCEa7iyI8d0ui4rC6zkZkTbyZOpvoiOja3CGqJ.jpg

«Оскар» кинопремиясына ұсынылған қазақстандық «Кадет» фильмі номинациядан алынып тасталды. Бұл туралы туындының продюсері Ерлан Бұқарбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін режиссер Әділхан Ержановтың «Кадет» фильмі  «Үздік халықаралық толықметражды фильм» аталымында бақ сынайтыны айтылған еді.

Продюстердің айтуынша, фильмді номинациядан алып тастау шешіміне Қазақстан кинематографистер лигасының ресми өтініші себеп болған. Лига өкілдері оператор Еркінбек Пітірәлиев ұлттық іріктеу комиссиясының құрамында болғандықтан, өз фильміне дауыс беруі мүмкін деген уәж айтқан.

«Бұл шындыққа жанаспайды, әрі оған ресми дәлел бар. Дегенмен, болар іс болды. Кинематографистер лигасы соншалықты алаңдаған «репутациялық тәуекелдер» шын мәнінде оның басшысының жеке көзқарасы мен қарапайым өшпенділігінен туындады»,—деді Ерлан Бұқарбаев.

Ал Кинематографистер лигасы бұл мәлімдемені теріске шығарды. Ұйымның айтуынша, жіберілген хат нақты бір фильмге немесе тұлғаға бағытталмаған, ол тек ұлттық іріктеу кезінде ашықтық пен мүдде қақтығысын болдырмау қағидатын сақтауға шақырған.

Еске салайық, бұл фильмді 2024 жылы Tiger Film кинокомпаниясы түсірген. Ұлттық премьерасы 2025 жылдың қаңтарында өтті. Ал халықаралық көрсетілімі Токио халықаралық кинофестивалінде ұйымдастырылды.

댓글
기타 기사