Аукциондағы сауда. Мәсімовтың бұйымдарынан қылышы ғана сатылды

881
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KrLvk2VaSdZiv6v3RPDTbKpNkQbBNTw15Eu3Q0kZ.jpg

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционда Мәсімовтың самурай қылышын сатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компания 4 қараша күні бұрын тәркіленген люкс бұйымдарды электронды сауда алаңына шығарған. Барлығы 520 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған 42 түрлі зат сатылымға қойылды. 

Алайда аукцион нәтижесінде ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйінен тәркіленген самурай қылышы ғана сатылды. Болаттан жасалған, сабында геометриялық өрнегі бар бұл қылыш 542,7 мың теңгеге бағаланған.

Қалған сәнді бұйымдар – Patek Philippe, Harry Winston сағаттары, Van Cleef & Arpels пен DE BEERS әшекейлері сатып алушылардың назарын аудармаған.

Бұған дейін қазан айында өткен басқа бір аукционда Мәсімовтың жеті заты 3,5 миллион теңгеге сатылған.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қамауға алынған. 2023 жылы ол 18 жылға бас бостандығынан айырылып, барлық мүлкі мемлекетке тәркіленді. Кейін оған қатысты пара алу және ақшаны заңдастыру баптары бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды.

댓글
기타 기사