АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға қатысты жоспарын айтты

864
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b2T3FNvAy4tDze72NYufobAXDSgXF7DGzxamZ2UK.webp

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келесі жылы Қазақстанға келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол Орталық Азияның өзге де елдеріне сапармен келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол Вашингтонда Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен өткен кездесуде айтты. 

«Мен өзім де келесі жылы сол жаққа, Орталық Азияның барлық бес еліне баруды жоспарлап отырмын. Бұл бір аптаға немесе одан да ұзаққа созылатын сапар болуы мүмкін. Бұл жұмысты бірлесіп атқаруымыз қажет», — деді Рубио.

Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Вашингтон мен Орталық Азия елдерінің экономикалық даму, нарыққа шығу және табиғи ресурстарды игеру салаларында ортақ мүдделері бар екенін атап өтті.

Рубионың айтуынша, АҚШ бұл бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтіп, аймақ елдерімен серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті.

댓글
기타 기사