3 жылдан соң. Саакашвили ауруханадан түрмеге қайтарылды

1561
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8rBMM7Hu5ZmxmXyWY7zRt3YbAQ0dOHIq4dVI5EAT.jpg

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Тбилисидегі клиникадан шығарылып, жазасын өтеу үшін түрмеге қайтарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әділет министрлігіне қарасты пенитенциарлық қызмет Саакашвилидің денсаулық жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалап, оның енді стационарлық емдеуді қажет етпейтінін айтты.

«Сотталған Михаил Саакашвилидің денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде болғандықтан және ол енді стационарлық ем қабылдауды қажет етпейтіндіктен, азаматтық сектордағы клиникадан шығарылып, жазасын жалпы тәртіппен жалғастыру үшін №12 пенитенциарлық мекемеге қайта орналастырылды»,–делінген хабарламада.

Айта кетейік, ол клиникаға 2022 жылдың мамырында түрмеде жүргізген аштық акциясынан кейін ауыстырылған болатын.

2021 жылдың 1 қазанында ұсталған экс-президент бірден бес қылмыстық іс бойынша айыпталып отыр. Соның ішінде екі іс бойынша ол алты жылға сотталған. Биыл наурызда сот оған мемлекеттік қаражатты ысырап ету ісі бойынша тағы тоғыз жыл қосты, ал кейінірек шекараны заңсыз кесіп өтуге байланысты тағы төрт жыл тағайындады. Осылайша Саакашвили кемінде 2034 жылға дейін түрмеде отыруы тиіс.

Қараша айында Грузия прокуратурасы оған билікті құлатуға шақыру бойынша жаңа іс қозғағанын хабарлады. Сонымен қатар билік Саакашвили негізін қалаған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясын конституцияға қайшы деп тануды жоспарлап отыр.

 

댓글
기타 기사