Ғарышта қалып қоя жаздағандар Ішкі Моңғолия жеріне қонды

637
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JrnSroscvJBRxixsCpTEmYTngr1q1KLUoM5g1DEP.webp

Космоста жарты жыл қалған қытайлық ғарышкерлер Жерге оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

14 қарашада «Шэньчжоу-20» миссиясының экипажы Жерге сәтті қонды. Олар Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында орналасқан Дунфэн алаңына қонды.

Қытайдың басқарылатын ғарыш бағдарламасы басқармасы (CMSA) ғарышкерлердің жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Экипаж орбитада шамамен жеті ай өткізген. Олар Қытайдың «Тяньгун» ғарыш станциясына 24 сәуірде жеткен. Бастапқы жоспар бойынша астронавттар 5 қарашада оралуы тиіс еді. Алайда «Шэньчжоу-20» кемесі ғарыштық қоқыспен соқтығысып, басқарма қосымша тексеріс жүргізу үшін экипаждың сапарын кейінге шегерді.

CMSA мәліметінше, кеменің иллюминаторынан соқтығысу салдарынан пайда болған микрожарықтар табылған. Осыған байланысты «Шэньчжоу-20» экипажды қауіпсіз қайтара алмайды деп танылып, ғарышкерлер Жерге «Шэньчжоу-21» кемесімен оралды. Бұл кеме қараша айының басында станцияға жеткен ауыспалы экипажды жеткізген.

Айта кетейік, Чэнь Дун қытайлық ғарышкерлер арасында рекорд орнатты. Ол орбитада жалпы есеппен 400 күннен аса уақыт өткізген алғашқы ғарышкер атанды. Сонымен қатар оның ашық ғарышқа шығу миссиялары да ең көп болған.

Бұған дейін Ғарыштан Қытайға қайта алмай қалған ғарышкерлерлердің жағдайын хабарлаған едік.

댓글
기타 기사