Мемлекет басшысына Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы тапсырылды

841
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SheZOzUjhrVevpjC8XFaehXmr5ktgMHUJc8X5sjy.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің қолынан «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») ордені табыс етілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы марапатты жеке өзіне емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті. Тоқаев өз сөзінде екі ел арасындағы достық пен бауырластық қатынасты нығайтуға қосқан үлесін ерекше бағалады.

«Бұл жоғары награда достық, бейбітшілік және құрмет секілді құндылықтарды, сонымен қатар өзбек халқының рухын айшықтайды. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы – баға жетпес байлығымыз. Біз оны сақтап, бауырлас халықтардың игілігі үшін өркендетеміз. Бірлескен қажыр-қайраттың арқасында стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жаңа мазмұнмен байыта береміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық аренадағы жетістіктері тікелей Тоқаевтың басшылығына байланысты екенін атап өтті.

«Сізге, еліміздің шын жанашырына, Өзбекстанның жоғары мемлекеттік наградасын табыстау мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – көпұлтты Өзбекстан халқының Қазақстан Президентінің ерен еңбегіне көрсеткен құрметі мен бағасы. Сізді бүкіл әлем көрнекті мемлекет және саяси қайраткер ретінде таниды. Сіздің басшылығыңызбен Әділетті Қазақстанға бағытталған ауқымды реформалар жүргізілуде, барлық салада жетістіктер бар. Қазақстандықтардың ертеңге сенімі зор», – деді Шавкат Мирзиёев.

Марапат рәсімі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға деген маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Нет описания фото.

댓글
기타 기사