Жұбайының хатын оқимын деп алаяққа алданды. WhatsApp хикаясы

781
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/62ln4CWnDPeOD1bRDXeM9oUl230KjypJfCd6GqSt.webp

Қостанай қаласының тұрғыны WhatsApp-тағы жұбайының хаттарын «оқып беруге көмектесемін» деп уәде еткен интернет-алаяқтың құрбаны болды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна"..

Ведомство мәліметінше, әйел әлеуметтік желілердің бірінде осындай «қызмет» туралы хабарландыруды көріп, көрсетілген сілтеме арқылы өткен. Ол Telegram-чатына жіберіліп, өзін Полина деп таныстырған қолданушымен байланысқа шыққан. Полина алдымен 26 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасауды талап еткен.

Ақша жіберілгеннен кейін жәбірленуші бос сілтеме алған. Кейін «Полина» фото мен бейнематериалдардың көптігін алға тартып, тағы да шамамен 20 мың теңге сұраған. Әйел бұл соманы да аударған соң, әлгі адам хат алмасуды өшіріп, байланысқа шықпай қойған.

Қазір аталған факті бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап жатыр.

댓글
기타 기사