Тоқаев санкцияның алынуы және Армениямен саудаға жағдай жасағаны үшін Әлиевке алғыс айтты

693
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HBTWwguGdyLAtjitNSCpwBD97c4vGYjnOzS2B6NY.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

“Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша. Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

댓글
기타 기사