Саясаткер Адольф Гитлер бесінші рет сайлауға қатысады

380
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PFyr1koM0qrX1CP2Fz3L9yIHeVuJBfoSW08bUL67.jpg

Намибияның Омпунджа округінде аты ерекше саясаткер Адольф Гитлер Уунона өңірлік сайлауға бесінші рет қатыспақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bild басылымына сілтеме жасап.

Кандидат Намибияның жетекші саяси күші саналған СВАПО партиясының атынан тіркелмек. Елдегі өңірлік сайлау 26 қарашада өтеді.

1884–1915 жылдары қазіргі Намибия аумағы Германияның отарына айналып, Германдық Оңтүстік-Батыс Африка деп аталған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басқару Оңтүстік Африка Одағына өтті. Намибия тек 1990 жылы тәуелсіздігін алды.

Саясаткер алғаш рет Омпунджа округінде 2004 жылы сайланған. Кейін 2000-жылдары және 2020 жылы тағы да жеңіске жетіп, бірнеше мәрте мандатын сақтап қалды. Ал осы жолы ол бесінші рет сайлауға түспек.

댓글
기타 기사