Алматыда 25 қараша күні таңертең Әл-Фараби даңғылында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Куәгерлер жол апаты орнынан фото мен видео жолдап, үш автокөлік соқтығысқанын, соның бірі отқа оранғанын хабарлады.
Желіде тарағана фото-видеодан апаттан кейін даңғылда үлкен кептеліс пайда болғанын көруге болады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 07:00 шамасында Бостандық ауданында тіркелген.
«Toyota автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Артынша осы соқтығысқа байланысты жол жиегінде тұрған Lexus-қа Hyundai келіп соғылған», – делінген хабарламада.
Соққыдан кейін Toyota көлігі өртеніп кеткен. Адам шығыны туралы ақпарат тарамады.