"Қатынасқа залал келтіретін әрекет". Қазақстан Украинаға ресми түрде наразылық білдірді

541
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kypcxihQVA1q68aIWDa20gu4ua0nrFwTh9X9Bit1.jpg

Қазақстан Украинаға Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты ресми түрде наразылық білдірді, деп хабарлайды “Адырна”.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

Бұл – халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акт.

Қазақстан жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде энергия ресурстарын тұрақты және үздіксіз жеткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдайды деп күтеміз», – деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, 29 қарашада Украинаның экипажсыз катерлері Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалының айлақ құрылғысын істен шығарған болатын. Соның салдарынан мұнай тиеу тоқтатылған еді. Осы құбыр арқылы мұнайының басым бөлігін халықаралық нарыққа шығаратын Қазақстан бір күн бұрын "мұнай тасымалдаудың балама бағыттарын" қарастырады деген.

댓글
기타 기사