Алматыда жер сілкінді

877
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9htUhRHWLT7ZCCqy8LyAmO2kBsYSKEm5a46123cQ.webp

Бүгін, 4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 04 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин жер сілкінісі тіркелді»,-деп түсіндірді ТЖМ.

Жер сілкінісінің ошағы  Қытай аумағында Алматы қаласынан  оңтүстік-шығысқа қарай 277 км жерде орналасқан.

Министрлік облыс аумағындағы елді мекендерде қанша балдық жер сілкінісі болғанын жазды.

«Алматы облысы Кеген ауданы - 3 балл;
Райымбек ауданы - 3 балл;
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы - 3 балл;
Талғар ауданы Талғар қаласы - 3 балл;
Ұйғыр ауданы - 3 балл;
Қарасай ауданы - 3 балл;
Іле ауданы - 2 балл;
Жамбыл ауданы - 2 балл;
Алатау (Жетіген) қаласы - 2 балл;
Қонаев қаласы - 2 балл;
Балқаш ауданы - 2 балл»,-делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. 

댓글
기타 기사