Елдің оңтүстігінде жер сілкінді

310
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Қазақстан сейсмологтары 6 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының мәліметінше, дүмпу Астана уақытымен 02:04-те болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым жерде, Өзбекстан аумағында орналасқан.

Түркістан облысы аумағында, Шымкент және Таразда шамамен 2 баллдық тербеліс сезілген.

Министрліктің хабарлауынша, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Құтқару қызметі тұрғындарды үрейге бой алдырмауға және ресми дереккөздерден таратылатын ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

댓글
기타 기사