Иманбекке «Құрмет» ордені табысталды

90
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3nCUYUwkyGdgkbzDnadpmaeLcSvuOtrbUAL7mZV0.jpg

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музыкант Иманбек Зейкеновке мемлекеттік награданы салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды "Адырна".

«Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал, Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Игілікті жолдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін”, — деді министр.

Республика күніне орай Президент Жарлығымен еліміздің қоғамдық және экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталған еді. Министрдің айтуынша, сол азаматтардың кейбірі шетелде жүргендіктен, өз сыйлығын уақтылы ала алмаған.

 

 

댓글
기타 기사