Техникалық ақау. Жапонияның H3 зымыраны ғарышқа ұшпай қалды

163
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xHH0YmbBGBdH2328Wia9XlbPkzSK5wsmaxSUD8Qa.webp

Жапония сәрсенбі күні ұлттық «Митибики-5» жерсерігін ғарышқа алып ұшуы тиіс болған H3 зымыранының ұшырылуын шұғыл түрде тоқтатты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ұшыру алаңында жасалған ресми хабарламаға сәйкес, старт жерүсті жүйелеріндегі техникалық ақауға байланысты кейінге қалдырылған.

Қазіргі уақытта Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) және басқа да жауапты ұйымдар жағдайдың мән-жайын анықтап, оқиғаның себептерін тексеріп жатыр.

Ұшырылымның жаңа уақыты әзірге хабарланған жоқ.

댓글
기타 기사