기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21–22 желтоқсан күндері Ресейге іс-сапармен барады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.
Сонымен қатар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады.
Айта кетейік, 17 желтоқсанда Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапармен барған болатын. Қазақстан Президентін Токио қаласындағы Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.