Мемлекет басшысына құттықтау хаттар келіп жатыр

197
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bDl5PrwmFfKlhw8Sp5dpDvKG7nc0zyif1DVdme5G.jpg

Мемлекет басшысының атына жаңа жылға орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Президентін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения президенті Ваагн Хачатурян және Армения премьер-министрі Никол Пашинян құттықтады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ вице-президенті Мансур бен Заид Әл Нахаян, Марокко королі VI Мұхаммед, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Испания королі VI Фелипе, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Германияның федералдық канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Италия президенті Серджо Маттарелла және бірқатар Еуропа мен Азия елдерінің басшылары құттықтау жолдады.

Бұдан бөлек, Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта, Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи, Корея президенті Ли Чже Мёң, Вьетнам Коммунистік партиясы ОК бас хатшысы То Лам, Руанда президенті Поль Кагаме, Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лун және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар құттықтау телеграммаларын жолдаған.

Сонымен қатар ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ФИФА президенті Джанни Инфантино, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылары, бұрынғы мемлекет және үкімет жетекшілері, шетелдік ірі компаниялар мен қаржы институттарының басшылары және дипломатиялық миссия өкілдері де Мемлекет басшысын жаңа жылмен құттықтады.

댓글
기타 기사