Мадуро мен оның жұбайы сот орнына жақын абақтыға жеткізілді

977
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/h4EkJzR87NiguOe1nFZwUOKcKQbGlxIn6js6gVr2.webp

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті Нью-Йорк қаласының оңтүстігіндегі Бруклин ауданында орналасқан уақытша ұстау орталығына жеткізді. Бұл туралы CNN телекомпаниясы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мадуро мен Флорес отырған ұшақ АҚШ Ұлттық гвардиясының Стюарт әуе базасына жергілікті уақытпен шамамен 16:30-да (Астана уақытымен 02:30) қонған. Кейін Венесуэла басшысы мен оның жұбайы Манхэттенге, АҚШ-тың Есірткімен күрес басқармасына жеткізіліп, артынша қамауда ұстау орталығына жөнелтілген. Оларды Нью-Йорк қаласы аумағында тасымалдау үшін америкалық билік тікұшақтар мен автокөліктерді пайдаланған.

NBC News мәліметінше, Мадуро бүгін Нью-Йоркте сот алдына келуі мүмкін. Сот отырысы Астана уақытымен шамамен 22:00-де басталуы тиіс. Оларға «наркотерроризмге» қатысы бар, кокаин контрабандасы, сондай-ақ АҚШ-қа қарсы қолданылуы мүмкін қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау айыптары тағылып отыр.

댓글
기타 기사