Сауд Арабиясы балаларға Меккеге баруға шектеу қойды

299
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/g0O7jcebNRsJssYwP1sb26Ch3P0XR3V86cSa3K7i.jpg

Сауд Арабиясының билігі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын алға тартып, олардың Қағбаға баруына шектеу енгізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі  news18 агенттігіне сілтеп.

Жаңа талапқа сәйкес, енді үлкен қажылыққа тек ересек адамдар ғана бара алады. Ал балаларға кіші қажылық жасауға рұқсат етіледі.

Сауд Арабиясы билігі балаларға ұмра жасауға толық тыйым салмайды. Алайда кейбір техникалық талаптар мен қосымша тіркеу рәсімдері енгізілуі мүмкін.

Мүфтият мәліметінше, елде қажылық қызметін ұйымдастыруға 14 компанияға рұқсат етілген. Ал 2025 жылғы қажылық маусымында Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың адамға квота бөлген.

댓글
기타 기사