Дзюдо федерациясының президенті Сәпиевті ұрды деген ақпаратты жоққа шығарды

255
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UnUy2k5iGoOS6OlpuaTe7HtT4AR1cwRGvpgnsNIU.webp

Дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Серік Сәпиевпен болған оқиға туралы Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, Есімхановпен болған келіспеушілік тек жұмыс мәселелеріне байланысты туындаған, яғни қажетті құжаттарды беруден бас тарту себеп болған.

«Арнайы атап өткім келеді: қандай да бір физикалық қақтығыс болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. БАҚ өкілдерінен мұндай қауесеттерді таратпауды сұраймын», – деп жазды Айдар Махметов.

Ол жағдайдың толықтай реттелгенін, тараптардың өзара түсіністікке келгенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті орынбасары ұрып тастады деген ақпарат тараған еді. 

댓글
기타 기사