Асқарбек Ертаев Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен министр Светлана Жақыпова қызметінен босатылған.
Асқарбек Ертаев - Ақтөбе облысының тумасы.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастаған.
2000-2014 жж. банк саласында әртүрлі қызметте жұмыс істеді.
2014-2021 жж. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры.
2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.
2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.