Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау мәселесі көтерілді

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oGHnm5EqrvccxHpU04kuC0XuurCHlYlu3R2o7MFr.jpg

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Конституциялық комиссияның бесінші отырысында сөз болды.

Спикер Мырзағараев соңғы екі күнде ұсынылып отырған өзгерістер жан-жақты әрі мұқият талданғанын айтты.

"Кеше жоба нұсқасының алдын ала мәтіні ұсынылды. Мен енгізілетін өзгерістерді егжей-тегжейлі зерттедім. Олардың ішінде Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған көптеген маңызды жаңашылдықтар бар", — деді ол өткен отырыста.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер қоғамның бүгінгі сұранысына және уақыт талабына толық сәйкес келеді. Осыған байланысты ол Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыруды орынды деп санайды.

Мәди Мырзағараевтың ұсынысын Конституциялық комиссияның өзге мүшелері де қолдады. Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева қазіргі талқылаулар қолданыстағы Конституцияға жай ғана түзету енгізу шеңберінен әлдеқайда асып кеткенін атап өтті.

"Бүгінде біз Конституцияның жекелеген баптарын түзетумен шектелмей, мемлекеттің бүкіл басқару архитектурасын, құқықтар мен бостандықтарға кепілдіктер жүйесін, билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін қайта қарау міндетімен бетпе-бет келіп отырмыз", — деді ол.

Еспаеваның сөзінше, мұндай ауқымды әрі кешенді өзгерістер Конституцияның жаңа мәтінін қабылдау қажеттілігін алға тартады.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым да бұл пікірмен толық келісетінін жеткізді. Оның айтуынша, ұсынылған өзгерістер Конституцияның 77 бабын қамтып отыр, бұл Негізгі заңның 80 пайызынан астамын құрайды.

댓글
기타 기사